22.05.2011

Эшелон" ҒӨҰ компаниясы "Мені нәзік сканерле!


Компьютер желісінің серверін әдепті бұзғаны үшін қыз бала … iPod Touch алды

"Эшелон" ҒӨҰ компаниясы "Мені нәзік сканерле!" акциясының қорытындыларын шығарды, ол Қазақстан Республикасында 2011 ж. 4-5 мамырда "Безопасность. Сигнализация. Охрана – Алматы" (БСО-2011) халықаралық көрмесі шеңберінде өткізілді. Конкурстың жеңімпазы қазақстандық RITS компаниясының қызметкері Оксана Пиргалина атанды. Акцияның қалған қатысушыларына "Эшелон" оқу орталығы көпшілікке мәлім оқу курстарының кез келгенінде оқуға 40% жеңілдік берді.

Акцияға қатысушылар арнайы дайындалған сервердің қорғалғандығына тестілеу өткізді: күдіктіліктердің бар болуына сканерледі, ftp-серверге парольдар таңдады және операциялық жүйенің есептік жазбаларының хэш-парольдарын бұзды. Инструмент ретінде акцияға қатысушылар "Сканер-ВС" ("Эшелон" ҒӨҰ" ЖАҚ өнімінің) қорғалғандығын кешенді талдау үшін жүйені пайдаланды.

"Сканер-ВС" жүктеуші DVD немесе USB дискісін білдіреді, онда ақпараттық жүйелердің қорғалғандығын тестілеудің әр түрлерін жүргізу үшін, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік әкімшісінің алдында тұрған ерекше міндеттерді шешу үшін алдын ала белгіленген утилиталардың жиынтығы бар. "Сканер-ВС" көмегімен жүзеге асыруға болады:

· желіні сканерлеу

· күдіктіліктердің бар болуына сканерлеу

· парольдардың (жергілікті және желілік) тұрақтылығы аудиті

· желілік трафикті талдау

· USB-құрылғыларды іске қосу фактілерінің аудиті

· файлдардың тұтастығын бақылау

· қатқыл дискідегі қалдық ақпаратты іздеу

· белгіленген программамен қамтамасыз етудің және аппараттық пішін үйлесімінің жергілікті аудиті

· ақпараттың кепілді жойылуы және тағы басқалар.

Акция жеңімпазы Оксана Пиргалина: - "Үлкен рахмет! Осы акцияға қатысу өте қызықты болды!" – деп сыпайы жауап берді.

"Эшелон" оқу орталығының директоры Александр Дорофеев: - "Біз өткен жылғы күзде InfosecurityRussia 2010 көрмесінің шеңберінде осыған ұқсас акция өткіздік. IT-мамандары және техникалық ЖОО студенттері тарапынан қызығушылық өте жоғары болды, сондықтан біз конкурсты жалғастыру керек деп шештік", – деп атап өтті.

«Эшелон» компаниясы туралы

"Эшелон" ҒӨҰ" ЖАҚ ақпараттық қауіпсіздік рыногында 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде жетекші әлемдік ERP-жүйелерін, операциялық жүйелерді, антивирустық программамен қамтамасыз етуді, рұқсат етілмеген қатынастан қорғау құралдарын өндірушілер бізді стратегиялық серіктес ретінде таңдады.

Біздің командамыз атақтары мен мәртебелері әр түрлі кәсіби шеберлерді біріктіреді, олардың арасында: ғылымдар кандидаттары, CISSP, CISA, SBCI және Cisco, IBM, Microsoft сертификатталған мамандары және т.б. «Эшелон» компаниясы Ресей Қорғаныс министрлігінің, Ресей ФСТЭК, Ресей ФҚҚ сынау зертханасы, «АйТи-Сертифика» сертификаттау жүйесі ретінде аккредиттелген. Біздің компания Ресей Қорғаныс министрлігінің аттестаттау органы және Ресей ФСТЭК аттестаттау жөніндегі органы болып табылады. компанияның сапа менеджменті ISO 9001, МЕСТ РВ 15.002 және СРПП ВТ талаптарына сәйкестікке сертификатталған. Компания «Эшелон» оқу орталығын құрған, онда Ресей ФСТЭК және Ресей Қорғаныс министрлігімен келісілген, ақпараттық қауіпсіздік бойынша программалар жөніндегі мамандарды қайта даярлау жүргізіледі.


Возврат к списку